Біз туралы

Компания тарихы

Elsam компаниясы өзін нарықта 2008 жылдан бері танытып келеді, және алғашқы 10 жылдық жұмысы барысында, ең бастысы, бейнебақылау, қолжетімдік пен күзет дабылын басқаруды бақылау жүйелерін құрастыру мен оларға қолдау көрсету бойынша интеграциялық қызметтер көрсетті. 2019 жылдан бастап компания өзінің деректерді беру, өңдеу, сақтау мен олардың қауіпсіздігі саласындағы сараптамалық қызметін кеңітуге, сондай-ақ ІТ-шешімдердің кең спектрін жүзеге асыруға арналған бағдарламалық өнімдерді енгізу мен кіріктіруге бағыт алды. Бүгінгі таңда Elsam ІТ нарығының жетекші әлемдік өндірушілерінің сенімді жүйелік кіріктірушісі, сондай-ақ бизнеске арналған ІТ қызметтерінің тұтас спектрінің жеткізушісі болып табылады.

Миссиясы

Өзіміздің тапсырыс берушілеріміз өз бизнесінің әлеуетін барынша көбірек жүзеге асыруы және қоғамымыздың дамуына өз үлестерін қосуы үшін, оларға ІТ инфрақұрылымының тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыруға көмектесу.

Мақсаты

Ең күрделі және инновациялық жобаларды сеніп тапсыруға болатын, өзіндік бірегей тауашасы және өзін-өзі әрі қарай жүзеге асыру үшін таңдау мүмкіндігі, жеткілікті құралдары мен ниеттері бар кәсіби шеберлер командасы болу.

Құндылықтары

Кәсібилік, адалдық, әдептілік, тұрақты даму, ниеттілік, құпиялылық.

Неге біз?

Біз сіздің уақытыңызды үнемдей және сізді тиімдірек ете отырып, алдымызға қойылған міндеттерді толяқ аяғына дейін шешеміз
Біз мерзімінде орындалған сапалы нәтижеге жұмыс істейтін кәсіби шеберлер командасымыз
Біз компанияның 13 жылдық қызметі барысында 70-тен астам жобаны табысты жүзеге асырдық
Біз сіздің міндеттеріңізге байланысты бірнеше балама шешімдер ұсына ұтырып, сізге икемділік береміз
Біз барлығына – кішігірім компаниялардан бастап ірі компанияларға дейін бірдей сапалы қызмет ұсынамыз

Біздің Серіктестеріміз

Есть вопросы?Напишите нам